Видео СІЛТЕМЕДЕ
Тұңғыш Президент күнінде түрлі спорт түрінен қалалық турнирлар ұйымдастырылды. Балқаштықтар шағын футбол, волейбол, васкеболдан бақтарын сынап, жеңімпаз командаларды анықтады. Ал біздің түсірілім тобы үстел теннисі мен еркін күрес сайысында болып, өзара мықтыларды анықтаған спортшылармен тілдесіп қайтты.
Кенжеханова Аяулым бүгінгі жарыстағы жалғыз қыз. 13 жастағы спортшы бұған дейін 2 жыл кикбокспен айналысып, Қазақстан чемпионы атанған. Енді өзін еркін күресте сынап көрмекші. БЖСМ атынан шыққан Аяулымның бүгінгі қарсыласы ДСК тәлімгері. Тартысты бәсекеде ер бала қанша намысқа тырысқанымен, қыздан жеңіліс тапты.
Аяулым Кенжеханова-жарысқа қатысушы
» Ер баламен күресу қиындау. Ұл бала деген аты бар ғой. Көптеген приемдарды 3 айда үйреніп шықтым. Пертерде мойнынан ұстап ұттым».
Еркін күрестен ұйымдастырылған жарыс 12-13 және 10-11 жастағы балалар арасында өтті. Оған қаладағы барлық спорт мектептерінен 150 ге жуық жас спортшы жиналған. Олар 10 салмақ дәрежесі бойынша бақтарын сынады. Нәтижесінде ең жеңіл 29 келі салмақта Нағытай Нұрхат чемпион атанса, ең ауырз 58+ келі салмақта Аңсар Тойшыбайұлы жеңіске жетті.
Интершум
Сондай-ақ мерекеде балалар арасында үстел тенисінен жарыс өтті. 12 жастағы Данил Дубовиктың бұл спорт түрін қолға алғанына 3 жыл болған. Оны бүгінгі қарсыласы жақын досы. Алайда, Данил алғашқы партияда 11-5 есебімен ұтылды. Екінші партияда да жолы болмады. 11-8 есебімен досына жол берді.
Данил Дубовик-жарысқа қатысушы
«Тым асығыс ойнадым. Әрі жаттығуға келмегеніме де біраз болып еді. Сол себепті бүгін жолым болмады деп ойлаймын».
Үстел тениисінен өткен сайыстың нәтижесі бойынша Ұлдар арасында Мади Сатыбалды бірінші орын алды. Ал қыздар арасында Динара Тайтөлеу жеңіске жетті. Екі жеңімпазда 9 мектеп оқушылары.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login