Балқаштық жүргізушілер қала мүлкін қиратып кетті

Көлік апаты кезінде қала мүлкіне зақым келді. Рөлге ие бола алмаған жүргізушілер қоршауға және жарық бағанасына барып соғылды. Салдарынан Калмыков көшесінің тұрғындары жарықсыз қалды. Ал оқиға сенбі күні болған. Стадион маңындағы электр бағанасына ауди келіп соғылады. Анықталғандай жүргізуші мас күйінде рөлге отырып, көлікті басқара алмай қалған. Нәтижесінде тоқ сымдары үзіліп қалған. Оны Балқаш энерго мамандары дереу қайта қалпына келтірді. Енді шығынды жүргізуші өтейтін болады.

Юрий Снегуров – «Балхашэнерго» КМК бас инженері

«Кеткен шығынды есептеп, сотқа арыз жазамыз. Сол арқылы кінәлі жүргізушіден шығынды өндіріп алмақпыз.

Ал Ағыбай батыр көшесінің бойына жаңа қоршау орнатылуда. Себебі ескісіне көлік соғылып, сүйретіп әкеткен. Оқиға бойынша жигули көпірден түсіп, қалаға қарай бағыт алған. Алайда, жаяу жүргінші жолағына жеткенде көліктің тежегіші істен шығып, ол қоршауға барып соғылады. Оның ұзындығы 9 метр. Алдын ала есептеу бойынша 80 мың теңге шығын келді.

Алмас Калиашев – жергілікті полиция қызметінің аға инспекторы

«Бұл факт бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, сотқа жіберілді. Әрі қарайғы шешімді сот қабылдайтын болады.

 

 

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture