Сарсенбаев көшесінде жаяу жүргіншіні көлік қағып кетті. Оқиға кешкі сағат 20:30 да көлік жөндеу орталығының маңында болған. Сол уақытта тротуармен жұмысынан үйіне қайтып келе жатқан тұрғынды автокөлік келіп соғады. Жүргізуші көмек көрсетудің орнына, оқиға орнынан қашып кеткен. Полицейлер оны тек келесі күні қолға түсіреді. Ал жапа шеккен 34 жастағы ер адам жан сақтау бөліміне түсті.Қазір оның жағдайы тұратқы. Дәрігерлер оны палатаға ауыстырған.
АлмасКалиашев – жергілікті полиция қызметінің аға инспекторы
«Жүргізуші оқиға орнын тастап қашып кеткен. Біз оны бейнебақылау камерасының көмегімен таптық. Фольксваген иесі өз кінәсін мойындады. Енді ол қылмыстық жауапқа тартылады.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login