Балқаштықтарды шошытқан жарылыс. Кеше сағат бес жарымда Спицин көшесінің бойында жер қопарылысы болды. Оның қатты болғаны соншалықты даусы күллі қалаға естілді. Салдарынан көліктердің дабыл жүйесі іске қосылды. Ал жандарын шүберекке тиген тұрғындардың көбісі 21 мөлтек ауданында жанармай бекеті құлады,зауытта оқыс оқиға орын алды деп болжады.
Анықталғандай,бұл жұмыстар 14 метрлік тереңдікке канализациялық құбырларды салу үшін жасалған. Себебі, жер тасты болғандықтан қолмен қазу мүмкін емес. Сондықтан екі жерге жарылыс заты қойылды. Нәтижесінде ені 5 метр, тереңдігі 3 метрлік жер қазылды. Оны қарағандыдан келген арнайы компания жасады. Мұндай жұмыстар жыл басынан бері 7 –ші рет өткізілді.
Әнуар Сәмиев- ТКШ бөлімінің басшысы
«Мұнда біз канализациялық құбырларды ауыстыру жұмыстарын жасап жатырмыз.Жер тасты болғандықтан жарылыс жасау арқылы қазудамыз. Ал кешегі жарылыс неге қатты болғандығын анықтау үшін арнайы комиссия құрылды. Мамандар жарылғыш заттың түрін, көлемін, зиянын анықтайтын болады. Болашақ тағы жарылыс жасасақ қателіктірді ескереміз ».
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login