Балқашта «Өркен» сыйлығының жеңімпаздары белгілі болды. Фото

Балқашта Тұңғыш Президент күніне орай форум өтіп, қала тұрғындары марапатқа ие болды. Қала әкімі Александр Аглиулин алдымен рухани жаңғыру бағдарламасына ат салысқан 6 азаматқа «Рухы биік  тұлға»  номинациясын табыс етті.

Форумда қала әкімінің жылдағы дәстүрге айналған «Өркен» сыйлығының  иегерлерлері белгілі болды. «Жыл оқушысы» номинациясын №1 мектеп оқушысы  Диана Русланова жеңіп алды. Ал Мадина Жаппарова «Жас дарын»,  Жансая  Рысбекова «Жас мемлекеттік  қызметкер» атанды. Арғанат Башкеев «Жас жұмысшы»   болып танылды. «Жыл  көшбасшы»  номинациясы Аңсаған Амангелдінің еншісінде. Сонымен бірге, кәсіпкер Андрей Сокульскийдің  жеке  сыйлығымен  бокс жаттықтырушысы Алмас Сүндетбай  марапатталды.

        

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture