Балқаш әкімі сыйлығының иегерлері анықталды

«Рухани  жаңғыру  жолындағы  Мәңгілік ел»  Бүгін  мәдениет сарайында дәстүрге айналған  патриоттық  форум  өтті. Оған  700 тұрғын қатысып,  түрлі марапатқа ие болды. Рухани жаңғыру  бағдарламасын  насихаттаған  6 азаматқа алғыс  білдірілді. Және «Өркен» атты қала әкімі сыйлығының  жеңімздарын анықтады.

Балқаштықтарды  Тұңғыш Президент  күнімен    құттықтаған   қала әкімі  тарихқа шолу жасап,   шаһардың дамуына  үлес қосқан жандарды марапаттауға  кірісті. «Рухы биік  тұлға »  номинациясын 6 азаматқа табыс  етті. Содан кейін   дәстүрлі  «Өркен» сыйлығының  иегерлерін   жарияланды. Биыл  №1 мектептің   оқушысы  Диана   Русланова «Жыл оқушысы», Мадина Жаппарова «Жас дарын»,  Жансая  Рысбекова «Жас мемлекеттік  қызметкер» атанды. Ал Арғанат Башкеев   «Жас жұмысшы»   болып танылды. «Жыл  көшбасшы»  номинациясы иегері Аңсаған Амангелдінің еншісінде. Сонымен бірге, кәсіпкер Андрей Сокульскийдің  жеке  сыйлығымен  бос жаттықтырушысы Алмас Сүндетбай  марапатталды.

Арғанат Башкеев- «Жас жұмысшы» номинация  иегері

«Мен  бұл байқауды  жұмыс орнымнан   естідім.  Құжаттарымды тапсырдым.Осы өткенімді  естідім.Бұл байқауға бірінші рет қатысып тұрмын.Ол цехте  жұмыс істеп жатқаныма  6 жыл болды.Және өте  қуаныштымын сайыстардан бірінші  орын алғаныма».

Осындай  құттықтау рәсімінен кейін  мерекелік шара әсем әуенмен жалғасты. 150 жуық  өнерпаз  сахна төрінде патриоттық ән айтып,  биден шашу шашты. Елбасына  деген   құрметтерін жеткізді.

 

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture