Балқаш жаңалықтары 28 қараша

1. Балқаш тұрғыны шуылдақ көршілеріне шағым айтуда. Анықталғандай жоғары қабаттағы пәтер сағатқа, тәулікке жалға беріледі. Ал баспанаға келушілер онда ұрыс шығарып, айқай шуға басады екен.
2. Келер жылы үй кезегінде тұрған 100- ге жуық балқаштық қоныс тойын тойлайды. Қоңырат мөлтек ауданында қаңырап бос тұрған 2 көпқабатты үйді қайта қалпына келтіру басталды.
3. Балқаштық кәсіпкерлер табыстарын жария етуден қашып жүр. 250 бизнесмен және заңды тұлға уақытысында декларация тапсырмаған. Сол үшін де қара тізімге енді. Мемлекеттік кірістер басқармасы олардың аты-жөнін өз сайттарына салып, жариялап та үлгерді.

4. Биыл Балқаш жылу электр станциясына 80 жыл. 1937 жылы Балқаш қала атағына ие болғанда, жылу орталығы да өз жұмысын бастады. Содан бері тұрғандарды үздіксіз жылумен қамтамасыз етіп келеді.

5. Балқашта латын қаріпіндегі алғашқы сөз пайда болды.Бүгін мәдениет сарайының артындағы саябаққа биіктігі 2 метрлік әріптермен жазылған «Қазақстан» сөзі орнатылды.

6. Шаршы алаңдағы жеңіс. Балқаштық Ақыл Дәулетқали республикалық аймақтық біріншіліктен алтынмен оралды. 15 жастағы жерлесіміз солтүстік-шығыс өңірінен жиналған 190-ға жуық баланың ішінен суырылып шықты.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture