Елімізде Қырғыз Республикасынан жеткізілетін кейбір тауар түрлеріне тыйым салынды. Бұдан былай ел аумағына сүт, шұжық, кондитерлік, консервілі өнімдері сатуға болмайды.Бірақ, ескеру керек.Бұл жаза уақытша ғана және барлық азық-түліктерге қатысты емес.Қазақстанның бас дәрігері Жандарбек Бекшиннің шешімі бойынша «Ақ Сүт » фирмасының сары майын, «Эмилия» кәсіпорынның «голландық ірімшігін» әкелуге тыйым салынды. Сондай-ақ көрші елдің« Куликовский » жеке меншегінде дайындалатын «Трубочки» тәтті нанын, «Құс сүті» тортын, «Макарон ассарти» печеньесін сатуға болмайды. Оған қоса, «АТА» «Рамакс»компаниясының тәттілерін , «РИХА» шұжық және ет тағамдары сөреден алынды. Өйткені, бұл азық-түліктердің құрамында денсаулыққа зиянды микробиологиялық бактериялар анықталды. Айта кетейік, «РИХА» маркалы шұжық еттері Балқаштағы екі дүкеннен табылып, тиісті құжаттары болмағандықтан кәсіпкерлер 45 мыңнан айыппұл төледі.
Ержан Ыдырысов-қалалық санитарлық-гигиеналық бақылау бөлімінің басшысы
«Қырғыз Республикасында өндірілетін ет,шұжық, сүт өнімдеріне , кондитерлік өнімдерге уақытша тыйым салынды.Сатуға, әкелуге тыйым салынды. Сатып алған жағдайда болса қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына хабарласып,алынған тауарды әкеліп, өтініш жазуына болады».
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login