Балқаш жаңалықтары 27 қараша

Тайғақ жол! Осс жексенбіде бірден 3 көлік апаты болды. Тосын оқиға Гүлшат кентінің маңында тіркелді. Бәрі бір жерде, 2 сағаттың ішінде болған.

Айтып келмейтін тілсіз жау. Демалыс күні көлік өртеніп, жарамсыз болып қалды. Бірақ бастысы ешкім зардап шеккен жоқ.

Жүргізушілер желтоқсан айына дейін көлік доңғалақтарын ауыстыру керек. Заң бойынша қыстың алғашқы күнінен бастап темір тұлпарлардың шинасы талапқа сай болуы тиіс.

Көк тайғақ тек жүргізушілерді ғана емес коммуналшыларды да әбігерге салды. Горкомхоз мекемесінің жұмыскерлері жолдар мен тротуралар қауіпсіз болы үшін түннен бастап таңға дейін қаланың орталық көшелеріне құм септі.

Қазақстанда көліктерді тіркеу ережесі өзгерді. Бүгіннен бастап егер автокөлік ресми диллерден сатылынып алса, онда оны тіркеу кезінде техникалық тіркеуден өткізудің қажеті жоқ.

Қалалық мәдениет сарайында Шашубай Қошқарбайұлының құрметіне арналған шығармашылық сайыс өтті. Дара тұлғаның өнеріне тәнті 10 өнерпаз сахна төрінде жанды дауыста ән салды.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture