Балқаш тұрғыны Қазақстан-Ресей шекарасында ұсталды. Шартты түрде сотталған азамат бекеттен өтіп бара жатқан жерінде құрықталды. Оны полиция қызметкерлері бірыңғай базадан көріп, жібермей қалған.
Сапасыз тағам. Балқашта халал, мұсылмандық деп шығарылатын шұжықтың ішінен шыбын шықты.Оны сатып алған тұтынушы үйіне әкеліп кесіп турап жатқанда байқаған.
Биыл 15 адам екпеден бас тартты. Жаңа туған сәбилеріне екпені еккізгісі келмейтіндердің саны жыл сайын артып келеді. Былтыр 11 айдың ішінде екпені қабылдауға 12 тұрғын қарсылығын білдірген. Ал осы жылы 3 адамға артып отыр.
Мемлекеттің мүлкіне зақым келді. Бұзақылар Томпиев көшесіндегі спорттық алаңның күл-талқанын шығарды. Жаттығу жасайтын темірді сындырып,шашып кетті.
Барлығы қауіпсіздік үшін. Осы сенбіде катер мен кемелердің жұмысы тоқтайды.Яғни, 25 қарашадан бастап Балқаш көліне шығуға мүлдем тыйым салынады. Себебі, судағы арнайы белгілер алынады.
Оқушы ер балалар арасында волейболдан спортакиада ойындары жалғасуда. Қаланың мектептерінен шыққан 13 команда екі топқа бөлініп сайысқа түсу үстінде. Ал бүгінгі нөмір 15ші мектеп лицейіндегі кездесу 7 гимназия мен 24 мектеп арасында басталды.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login