Аса құрметті көретін бауырымыз Башеев Бақтыбек Зарубекұлы! Өзіңізді бүгінгі 50 жасқа толған мерейтойыңызбен құттықтаймыз! Қызметіңізде шығармашылық табыс, жанұяңызға бақыт тілейміз! Денсаулығыңыз мықты болып, арайлап атқан әр таңыңыз тек қуаныш әкелсін, балаларыңыздың қызықтарына тоймай, ортамызда ойнап-күліп жүре беріңіз. Мына өлең жолдарын өзіңізге арнаймыз:
Бауырым, нұрға толсын жүзіңіз,
Қуаныңыз, шаттаныңыз, күліңіз.
Тіршіліктің қызығына бөленіп,
Аман-есен ортамызда жүріңіз!
Ақталып жақсылығың көпке істеген,
Жетіпсің жасқа бүгін елу деген.
Мерейтойың құтты болып жүзге келгін,
Қайрат-жігер, қуатты көп күшпенен.
Жақсы ниет, нұр ниет қабыл болсын,
Ақ көңілге әрдайым жаның толсын.
Әрқашанда пәк көңілің гүлдей жайнап,
Жан жүрегің күн нұрындай ашық болсын.
Елу мен алпыстада нар болғайсың,
Жетпіс пен сексенде де бар болғайсың,
Тоқсанның төбесіне шыққан шақта,
Немере-шөберелі шал болғайсың.
Шашып күндер қашанда арай, нұрын,
Досқа толсын барлығы маңайыңның.
Күліп-ойнап жүре бер, дараланып,
Ортасында қадірлі ағайынның.
Т/б: анасы, бауырлары, келіндері, күйеу балалары.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login