20 қараша күнгі жаңалықтар топтамасы СІЛТЕМЕДЕ
Қалалық ішкі істер бөліміндегі жауап алу кабинеттерінің бірі шыныдан қаланып, ашық күйге келтірілді. Бұдан былай сұрақ-жауаптың барлығы бейнекамераға жазылатын болады.
Биыл 6 балқаштық тұрғын ата-ана құқығынан айырылды.Өйткені, олар бала алдындағы міндеттерін дұрыс атқармай, спирттік өнімдерді көп қолданғаны дәлелденді.
21 қараша — Халықаралық сәлемдесу күні. Бұл мерекені шамамен 45 жыл бұрын екі америкалық ағайындылар ойлап тапқан. Олар Египет пен Израиль арасындағы шиленісті басу мақсатында, ел тұрғындарына сәлем хат таратқан.Және оны жақындарына жіберу керек деген. Кейін осындай игі іс 180 мемлекеттің қолдауына ие болып, жыл сайын аталып келеді.
Балқаштық кикбоксшылар облыстық аренада үздік атанды. 11 мен 14 жас аралығында өткен жарыста 7 жерлесіміз чемпион атағын иеленді.
Шығыс жекпе-жегі каратэ до шотаканның балқаштағы беталысы жақсы. Оған дәлел қалада өткен облыстық жарыс.Демалыс күні татами төріне шыққан жерлестіреміз 35 медальді ұтып алды.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login