Жыл басынан бері Балқаш қаласында 30 жол көлік-апаты орын алды. Салдарынан 45 адам зардап шегіп, 2 жолаушы қайтыс болды. Мұндай ақпаратты жергілікті полиция қызметі тілге тиек етті.
Алимент төлеу- парыз. Қалалық прокуратура баласы алында борыштарын өтемей жүрген ата-аналарға арнап жұмыс жәрмеңкесін ұйымдастырды. Өйткені, қазір 210 тұрғын жұмыстың жоқтығын сылтауратып алимент төлеуден қашып жүр.
Балқаштықтарға берілген екінші мүмкіндік. Мемлекеттік бағдарлама аясында жұмыссыз жүрген жандар қайта даярлық курсынан өтіп, тұрақты қызметке орналасты.
Балқашта шертпе күйдің шебері Мағауия Хамзиннің 90 жылдығына арналған аймақтық күйшілер сайысы өтті.
Шаһарда Балқаштан шыққан атақты волейболшы Елена Чебукинаның жүлдесіне арналған жарыс аяқталды. Сайыс 19 жасқа дейін спортшы қыздар арасында өтті. Волейболшылар үздік топты анықтау үшін үш күн бойы сынға түсті.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login