Еске алу Досымбекова Баркут Есдаулетқызы (құдағиы)

Руы Ақсары, аяулы да ардақты құдағиым Досымбекова Баркут Есдаулетқызының өмірден өткеніне 1 жыл толып отыр.

Жайдары дархан көңіл мінезімен,

Жаны пәк, қамқор, адал тілегімен.

19 жыл құдағи болды мейірімді,

Ақ көңіл, аңқылдаған жүрегімен.

 

Күлкі үйіріліп жүзіңде жүруші едің,

Рахаттанып жарқыным күлуші едің.

Амал не, кетті өзіңді ажал алып,

Сағынып қалдық күлкіңді қарапайым.

 

Сіз кеткелі, сол қалпы, өмір мүлде,

Қыс келді, жаз да кетті, қоңыр күз де.

Бала-шағаң, аман-сау өсіп жатыр,

Жетпей тұрған Сіз ғана көңілімізде.

 

Сағындық қой, Жан құдағи, өзіңізді,

Зәру болдық көруге жүзіңізді.

Ақкөңіл, ақылы мол, жайсаң едің,

Бар жанды жақын тартып жүруші едің.

Еске алушылар: құдағиы — Майнұр (Мая).

 

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture