Сүйікті де сүйкімді немереміз, қылықты да қызықты қызымыз, еліктей ерке балапанымыз Ермағамбет Амина Рустамқызын 1 жасқа толған туған күнімен құттықтай отырып, балапанымызға ұзақ та ғұмырлы өмір, бақытты балалық шақ, өмірдің барлық қызық-қуанышын тілейміз!
Бауыр етім, балапаным, құлыным,
Балдай тәтті баурап алды қылығың.
1 жасыңды қуанышпен тойлаймыз,
Жасың ұзақ болсын дейміз, қызығым!
Былдырлаған тіліңнен,
Мөлдіреген көзіңнен.
Дүрсіл қаққан жас жүрек,
Айналайын өзіңнен.
Қызым менің, балапаным, қызығым!
Сеніменен бірге жүрек жылуым.
Менің көзім маңдайдағы жұлдызым,
Сенсің ботам, болшы әркез қызығым.
Тәп-тәттісің, балдайсың,
Иіскесем мейірім қанбайды.
Былдырлайсың, алдайсың,
Пәктігіңмен арбайсың.
Т/б: нағашы әжесі – Аманбала
ата-апасы: Талғат – Шынар
әке-шешесі: Рустам – Айнұр
нағашы ағасы – Жантілек
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login