Балқашта кәмпиттің ішінен құрт шықты (видео)

Балқаш тұрғыны сатып  алған  кәмпиттің  ішінен   тағыда  құрт шықты. Видео авторының   сөзінше,   олар  шоколадтты   кәмпитті  21 кварталдағы   дүкендердің  бірінен  сатып алған.  Үйге  келіп  ашып қарса  ішінен  құрттар жыбырлап  жүр.  Айта кетейік, қаладағы  бұл бірінші  жағдай емес. Қазан  айында тұрғындардың бірі   ұсақ  ақ құртты  бал кәмпиттің  ішінен  кездестірген болатын. Ал  мұндай жағдайларда   қоғамдық  денсаулық  сақтау басқармасына барып, өтініш  жазу керек. Себебі, мамандар   шағым түскенде  ғана сауда нүктелерін тексеруге құқылы.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture