Қазақстанда ет бағасы күннен-күнге қымбаттауда

Қазақстанда ет бағасы күннен-күнге қымбаттауда. Бір жылдың ішінде оның бағасы 16 % -ға дейін өскен. Еліміз бойынша, орта есеппен еттің бір келісі — 1425 теңге. Мұндай статистиканы Ranking.kz келтіріп отыр.

Ал Балқаш қаласында базар, дүкендерде бір килограмм сиыр еті 1400-1500, қой еті де сол баға да. Жылқы еті 1700-1800 теңге. Ауылшаруашылық жәрмеңкесінде алдыңғы аптада қой етінің бір келісі 1200 теңгеден, сиыр еті 1350, жылқы етін одан 100 теңгеге қымбатқа саудалаған болатын.

Қазақстан бойынша ең арзан етті Тараздан кездестіруге болады. Онда бір килограмм еттің бағасы – 1297 теңге. Бір айда 1,8%-ға (23 теңге) дейін қымбаттаған. Жылына тек 81 теңге қосылған.

Қымбатшылық жағынан Астана бірінші орында тұр. Бас қалада бір келі еттің бағасы орта есеппен 1700 теңгеге дейін. Екінші орында Атырау және Алматы қалалары.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture