
Уәлиханов көшесі дегенде тек аллеяның бойы ғана көз алдымызға келеді. Бірақ, Шоқан Уәлихановтың атымен аталған үйлер Жұмысшылар кентінде де кездесетінін біреу білсе, біреу білмес. М. Хамзин атындағы мәдениет үйінен бастау алған Уәлиханов көшесі Қараменде би қиылысынан үзіліп қалады да, Қадыржанов көшесінің қиылысынан қайта жалғасып, Жезқазған көшесінен аяқталады. Бас-аяғы 57 тұрғын үй бар.
Бұл көше 1961 жылы марксизм негізін қалаушы Карл Маркстың атымен аталған. Ал, оған дейін , Иосиф Сталинның құрметіне Сталин көшесі болып аталып келген. 1992 жылдан бастап Шоқан Уәлихановтың есімі беріледі.
Шоқан Уәлиханов қазақтың ұлы ғалымы, тарихшы, ағартушы, географ. Оның «Жоңғария очерктері», «Қырғыздар туралы жазбалар», «Ыстықкөл сапарының күнделігі» атты еңбектері жарық көрген.

Уәлиханов көшесінің басы

Қадыржанов қиылысы. Уәлиханов көшесі


Жұмысшылар кенті. Уәлиханов көшесінің соңы.

Балқаш мұражайы да Шоқан Уәлихановтың есімімен аталған.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login