Полицейдің погонын жұлып алған Балқаш тұрғыны енді 3.5 жылын темір торда өткізеді. Ішімдік ішкен ер адам екі тәртіп сашысына қол жұмсап, балағаттаған. Ал оқиға осы жазда болды. Далада мас күйінде жүрген тұрғынды көрген участкелік инспектор оны наркологиялық диспасерге апарады. Сараптама жасаған мамандар оның расында алкагольдік сусын ішкенін дәлелдеп, оны сонда 1 түнге қалдырмақ болған. Алайда, 29 жастағы ер адам олардың бұл шешіміне келіспейді. Оны бір емес екі полицей көндірмек болады. Бірақ мас жігіт участкелік инспекторларға шабуыл жасап, пагондарын жұлып алған. Онымен қоймай сөзбен балғаттаған. Ал бұл жағдайға қатысты балағаттау және бағынбай баптары бойынша іс қозғалды. Анықталғандай, ол бұған дейін аса ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталған. Осыны ескерген судья оны 3.5 жылға бас бостандығынан айырды.
Мадияр Игенов – қалалық прокуратура прокуроры
«Аталған жаза оның алдында қылмысты мас күйінде жасағаны үшін және оның алдында ауыр қылмыс жасағаны үшін осындай жаза тағайындалды».
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login