9 мыңға жуық балқаштыққа тұмауға қарсы тегін екпе жасалды. Олар 1 жасқа дейінгі бүлдіршіндер, жүкті әйелдер, зейнеткерлер және медициналық қызметкерлері. Тағы 450 адамға ақылы вакцина салынған. Көбісі жеке-меншік ұйымда еңбек етушілер. Сонымен бірге білім ордаларында қызмет жасаушылар. Тұмауға қарсы екпе салу осы қараша айының соңына дейін жалғасады. Егер қыста ауырмас үшін, иммунитетіңізді нығайтқыңыз келсе онда емханадағы өз учаскелік дәрігеріңізге жүгіну қажет. Вакцина құны 1300 теңге.
СНХ: Сәуле Қапенова– халықтың денсаулығын қорғау басқармасының эпидемиологиялық қадағалау бөлім жетекшісі
«Осыдан 10 жыл бұрын 100-200 адам ғана тұмауға қары екпе алатын. Қазір бұл көрсеткіш жоғарылап қаланың 10 пайызын қамтыдық. Бұл 8591 адам. Өз еркімен келушілер көбеюде.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login