Балқашта жол көлік оқиғасы болды

Тыйылмайтын жол көлік оқиғасы. Ағыбай батыр мен Қараменде би көшесінің қиылысында екі иномарка көлігі соқтығысты. Салдарынан екі баланың денсаулығына зақым келді. Лада көлігінде отырған балаларды жедел жәрдем бірден алып кетті. Денсаулықтарына төніп тұрған қауіп болмағандықтан, үйлеріне жіберілді. Ал жол көлік оқиғасы түсте орын алды. Лада базар жақтан Қараменде биге қарай бұрылмақ болады. Алайда, Ағыбай Батыр көшесінен жоғарға қарай көтеріліп бара жатқан Volkswagen-ге жол бермей, соғылады. Бірақ, майысып қалған көліктен басқа барлығы аман–есен.

Алмас Қалиашев- жергілікті полиция қызметінің аға инспекторы :Қазіргі күні жол көлік оқиғасына байланысты әкімшілік хаттама толтырылды. Ағыбай батыр көшесі басты жол болғандықтан, Лада Фольсвагенге жол беру керек еді. Сондықтан, ол кінәлі деп танылды.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture