1.Бұрынғы құрылысшылар сарайынан тағы да өрт шықты. Бұл жолы қараусыз қалған ғимараттың концерт залы жанды. 80 шаршы метрді құраған ағаштар үш сағаттың ішінде күлге айналды.
2.Бүгін қаланың орталық көшелерін су алып кетті. Бәрі Қараменде би көшесінен басталды. Орталық алаң маңындағы ескі құбырлардың бірі жарылып, суық су далаға төгілді. Соның салдарынан бірнеше ауданда ауыз су болмады. Ал коммуналшылар апатты жоюға тек түстен кейін ғана кірісті.
3. Ал Сәтпаев м\а жарылған құбырдан аққан суық су 5 үйдің жертөлесіне құйылуда. Бұл мәселенің басталғанына осымен 4 ай болыпты. Тұрғындар шағым айтып, қаншама рет Балқаш Су мекемесіне барғанымен еш нәтиже жоқ. Өйткені мамандар құбыр желісінің қай жерінен ақау шыққанын таба алмай отыр.
4. Балқашта коммуналды қызметтің бағасы қымбаттады. Суық су мен жарыққа жаңа тариф енгізіледі. Енді тұрғындар қараша айында судың бір текше метріне 150 теңге төлемек. Бұл бұрынғы есеппен салыстырғанда 40 теңгеге қымбат.
5. Кәсібін ұрлыққа айналдырғандар көбейді. Қаламызда соңғы кезде көліктің бөлшектерін жымқыру жиіледі. Жыл басынан бері жеңіл көліктің 5 дөңгелек резеңкесі ұрланды. Және оған қоса 8 аккумуллятор қолды болды.Олардың көбісі жүк көліктерге тиесілі.
6. Балқаш тұрғынына іздеу салынды. Ол қазан айында үйден шығып кетіп оралмаған. Долгова Зинаида Георгиевна.1953 жылы дүниеге келген. Мұхамеджанов мөлтек ауданында тұрған. Бірақ қазанның 21 күні сол үйден шығып, қайтып оралмаған.
7. Бұрыңғы АК 159/21 түзету мекемесі сатылатын болды. 70 гектарлы жерді қамтыған нысанның құны 22 млн.600 мың теңгеге бағаланып отыр. Сауда-саттық бірер күннен кейін аукцион арқылы gosreestr сайтында жүргізіледі.
8. Елімізде күзгі және қысқы аңшылық маусымы басталды. 1 қарашадан бастап 15 ақпанға дейін қоян мен түлкіні атуға рұқсат.Бірақ бес қаруын асынған жандар ең бірінші құжаттарын рәсімдеп алуы керек
9. Қаламызда тағы бір субұрқақ пайда болды. Мәдениет сарайының артында мысшы шаһардың символын суреттейтін фонтанды орнату жұмыстары басталды.
10. Қалалық оқушылар сарайы жаңа кейіпке енді. 43 жылдық тарихы бар өнер ордасына биыл алғаш рет күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Терезесінен бастап шатырына дейін ауыстырылып, құбырлар толық жаңатырылды.
11. Ғажайып түстер емі. «Ботажан» сауықтыру орталығында арт-терапия атты жаңа ем-домның алғашқы сабақтары жүргізілді. Онда түрлі түстерді пайдалану арқылы мамандар мүмкіндігі шектеулі балалардың денсаулығын жақсартпақ.
12. Халықаралық көрмені тамашалап үлгермегендер үшін жағымды жаңалық. 9 күннен кейін Астанадағы ЭКСПО көрмесі қайта жұмысқа кіріседі. 11 қарашадан бастап кез-келген тұрғын «Нұр әлем» шар аумағын тамашалап, отандық тәжірибелі және тақырыптық павильондарды көре алады.
13. Осы сенбіде Ақтоғай ауданы күніне арналған ауыл-шаруашылық жәрмеңкесі өтеді. Көрші елді-мекен әкелген сүт, ет өнімдерін саудалайды. Ал түсе осы өңірдің атақты ансамблі «Тоқырауын Толқындары» мәдениет сарайында концерт қояды.
14. Нью-Йоркте Өзбекстан азаматы теракт жасады. Қанды қырғында 8 адам қайтыс болып, 10-нан аса тұрғын жараланды. Пәтерінің терезесіне мемлекеттік туды іліп қойған қазақ азаматына 500 мың теңге көлемінде айыппұл салынды. Елімізде латын қаріпіндегі бірінші газет пайда болды.
15. Балқашта белгісіз біреулер ашаршылық құрбандарына арналған ескерткіш маңындағы брюсшаткаларды ұрлап кетті. Қазір ата-баба рухына арналған мәдени мұраға қастандық жасаушылар іздестірілуде. Мұндай бассыздықты жұма күні аруақтарға құран бағыштауға келген қала тұрғындары көрген.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login