Руы Керней – Самырза, Тасарал ауылының тумасы Бейсекеев Әбеубәкір Алпысбайұлының бұл фәниден бақи дүниеге аттанғанына жыл толды.
Жылдық асы 04 қараша күні 12-ден бастап Тасарал ауылында беріледі. Ағайын-туыс, құда-жекжаттарға, жолдастарына хабарлаймыз.
Асыл әке, сағындым бір өзіңді,
Мейірімді ақжарқын нұр жүзіңді.
Бауырыңа басым қойып еркелейтін,
Сағынам бақытты сол кездерімді.
Ғұмыр кештің дақ түсірмей арыңа,
Жалғыз Алла, иман төксін жаныңа.
Өтсін мейлі, талай көктем, талай күз,
Біз өзіңді еске аламыз сағына.
Жыл болды күтіп жүрміз келмейсіз,
Сізді күнде кеп қалар деп іздейміз.
Сіз мәңгіге кетіпсіз ғой өмірден,
Сонда да біз бұл шындыққа сенбейміз.
Бас иеміз бұйрығына жаратқанның,
«Тәуба» дейміз көріп бүгінде таң атқанын.
Құран оқып, аруақтарыңа бағыштаймыз,
Ниеттері қабыл болсын деп, қол жайғанның.
Хабарлаушылар: жұбайы – Роза, балалары.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login