Қаланың орталық көшелерін су алып кетті. Бәрі Қараменде би көшесінен басталды. Орталық алаң маңындағы ескі құбырлардың бірі жарылып, суық су далаға төгілді. Соның салдарынан бірнеше ауданда ауыз су болмады. Ал коммуналшылар апатты жоюға тек түстен кейін ғана кірісті.
Сәтпаев м\а жарылған құбырдан аққан суық су 5 үйдің жертөлесіне құйылуда. Бұл мәселенің басталғанына осымен 4 ай болыпты. Тұрғындар шағым айтып, қаншама рет Балқаш Су мекемесіне барғанымен еш нәтиже жоқ. Өйткені мамандар құбыр желісінің қай жерінен ақау шыққанын таба алмай отыр.
Елдің үрейін алған Шашубай мөлтек ауданындағы шағын насостық станция енді құламайды. Жауапты мамандар қабырғасы жарылып тұрған нысанды бұзып, ажырай бастаған кірпіштерін алып тастады.
Қарағанды облысында қазан айында 10 адам өлтірілген. Бұл Қазақстанның басқа өңірлерімен салыстыранда ең жоғарғы көрсеткіш. Бас прокуратураның құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті облыстар бойынша қылмыс рейтінгісін жариялады.
Кәсібін ұрлыққа айналдырғандар көбейді. Қаламызда соңғы кезде көліктің бөлшектерін жымқыру жиіледі. Жыл басынан бері жеңіл көліктің 5 дөңгелек резеңкесі ұрланды. Және оған қоса 8 аккумуллятор қолды болды.Олардың көбісі жүк көліктерге тиесілі.
Бұрыңғы АК 159/21 түзету мекемесі сатылатын болды. 70 гектарлы жерді қамтыған нысанның құны 22 млн.600 мың теңгеге бағаланып отыр. Сауда-саттық бірер күннен кейін аукцион арқылы gosreestr сайтында жүргізіледі. Оған кез-келген тұрғын қатыса алады.
Елімізде күзгі және қысқы аңшылық маусымы басталды. 1 қарашадан бастап 15 ақпанға дейін қоян мен түлкіні атуға рұқсат.Бірақ бес қаруын асынған жандар ең бірінші құжаттарын рәсімдеп алуы керек.
Ғажайып түстер емі. Бүгін «Ботажан» сауықтыру орталығында арт-терапия атты жаңа ем-домның алғашқы сабақтары жүргізілді.
Халықаралық көрмені тамашалап үлгермегендер үшін жағымды жаңалық. 9 күннен кейін Астанадағы ЭКСПО көрмесі қайта жұмысқа кіріседі. 11 қарашадан бастап кез-келген тұрғын «Нұр әлем» шар аумағын тамашалап, отандық тәжірибелі және тақырыптық павильондарды көре алады.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login