Құрметті Нурекешова Хадания! Сізді 65 жас мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймыз! Тағдырыңызда таршылық көрмей, тәтті ғұмыр кешіңіз. Әріптестер, достар ортасында осы бір жайдарлы мінезіңізбен қызық-қуанышқа ортақтасып, аман-есен жүре беріңіз. Алла жасыңызды ұзақ қылсын!
Құтты болсын 65 жасыңыз,
Белестерден, асулардан асыңыз.
Жанұяның шаттығына бөленіп,
Қуаныштан шалқып-күліп тасыңыз.
Күлімдесін қиылған қос қасыңыз,
Ағармасын ешқашанда шашыңыз.
Туған- туыс ортасында жадырап,
Күліп- ойнап, 100-ге келсін жасыңыз.
Алдан күткен қызықтар көп, үміт көп,
Атар таңдар келе берсін күліп тек.
Жүрегі – кең, жаны – жомарт жансыз ғой,
Еңбегіңіз арта берсін биіктеп!
Бізден тілек – тойыңыз тойға ұлассын,
Құрметтерің биіктесін, қыр ассын.
Зор денсаулық, ұзақ ғұмыр серік боп,
Жасыңызға жас қосылып, өмір әлі жалғассын!
Т/б: Болат – Көкежан, Азамат – Алмат, Аманат – Айгерім, Сабина, Жанел, Аиша
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login