Елдің үрейін алған нысан енді құламайды

Елдің үрейін алған Шашубай мөлтек ауданындағы шағын насостық станция енді құламайды. Жауапты мамандар қабырғасы жарылып тұрған нысанды бұзып, ажырай бастаған кірпіштерін алып тастады.

Қала тұрғындары қазан айының ортасында жасыл-желекті суаруға арналған нысанның бір күні құлайтынын айтып, дабыл қаққан болатын. Себебі кірпіштер ортасынан қаққа бөлініп, 4 қабырғасы ыдырай бастаған еді. Шатыры да жұлынып, төбесі үңірейіп тұрды.  Оны көрген тұрғындар бір күні біреуді басып қалуы мүмкін деп, өз алаңдаушылықтарын білдірді.

Сағат Кенжебаев-қала тұрғыны

«Құлайды, мына жағы жарылып тұр, енді мына жағына құлайды. Жоғарғы жағы өте үлкен».

Шағын насостық станцияға жауапты ТКШ бөлімі ол кезде бір аптаның ішінде нысанды қайта бұзып, қалаймыз деп уәде берген еді. Алайда, бұл мәселені шешу оларға еш қиындық туғызбады. Коммуналшылар құлағалы тұрған кірпіштерін бұзып ішіндегі темірді бояп қоя салған.  Нәтижесінде 2 жыл бойы елдің үрейін алған бұл мәселе тез арада осылай жеңіл әдіспен шешілді.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture