Ал Сәтпаев м\а жарылған құбырдан аққан суық су 5 үйдің жертөлесіне құйылуда. Бұл мәселенің басталғанына осымен 4 ай болыпты. Тұрғындар шағым айтып, қаншама рет Балқаш Су мекемесіне барғанымен еш нәтиже жоқ. Өйткені мамандар құбыр желісінің қай жерінен ақау шыққанын таба алмай отыр.
Александр Малахов аяғына етігін киіп, қолына күрегін ұстап, фонаригін алып жертөлеге күнде түседі. Себебі ондағы су көтерілсе онда бір емес екі дүкенін тағы су басып қалады. Қазір оның биіктігі 40 см. Ал тіршілік көзі болса тоқтаусыз ағуда. Жертөленің ішін толықтай көлге көлге айналдырған.
Александр Малаховтың айтып отырған сауда орны міне мынау. Көріп тұрғандарыңыздай еден әлі кеуіп үлгермеген. Ал мәселе шілде айында басталыпты. Содан бері бұл дүкенді бірнеше рет су басып қалған. Тоққа қосылып тұрған аппараттар, тоңазытқыштар істен шығыпты. Енді кәсіпкер Балқаш суды сотқа бермек.
Александр Малахов-кәсіпкер
«Қаншама шығын келді. Бәрін есептеп, акт толтырдық. Енді сотқа, прокуратураға арызданамыз. Себебі бұл мәселені шешу керек. Бұлай жалғаса берсе, шығынға батамыз.
Су тура үйдің тұсынан ағуда. Коммуналшылар ол жерді қазып қойған. Бірақ, оны тоқтата алмай отыр. Себебі тіршілік көзінің қайдан ағып келіп жатқанын білмейді. Жаз айынан бері бір емес бірнеше жерді қазып, суды да сөндіріп көрген. Алайда, әзірше еш нәтиже жоқ.
Сарыбай Махабаев-«Балқаш су» КМК учаске шебері
« Қараменде биден екі жерді қаздық. Тамызда. Ол жерден табылмады. Іздеп жүрміз. Таба алмай жатырмыз, қай жер екенін. Труба 60 жылдары салынған ескі. Жердің бетіне шықса біз қазар едік. Аварияны қазір таба алмай тұрмыз. Әрі қарай іздейміз. Жұмыс жасаймыз.
Коммуналшылар бүгін апатты жерді табу үшін екі канализациялық құдықты тазалап көрді. Алайда, мәселе ол жерде болмай шықты. Ал жертөлеге кіріп жатқан суды тоқтату үшін оның арнасын бұрып, ол жерді топырақпен көміп тастамақ. Келіп жатқан тіршілік көзіне сараптама жасалған. Мамандар нақты айтпағанымен, оны ауызсуға ұқсас деп отыр.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login