Балқашта көліктің бөлшектері ұрлануда

Кәсібін ұрлыққа  айналдырғандар көбейді. Қаламызда  соңғы  кезде   көліктің  бөлшектерін  жымқыру  жиілеп кетті. Жыл басынан бері  жеңіл көліктің 5  дөңгелек резеңкесі   ұрланды. Және оған  қоса 8  аккумуллятор қолды   болды.Олардың көбісі  жүк көліктерге тиесілі. Бірақта, осы уақытқа дейін   ұрланған  аккумуляторлардың  тек 5-уі    сатып-алу  нүктелерінен табылды. Ал дөңгелектердің тек біреуі ғана  иесіне қайтарылды.Ол  үшін екі  жігіт  сотталды. Қалған үш фактіде  өзара келісімге келді. Сондықтан, мұндай  жайт  қайталанбас үшін жүргізушілер   көлік  бөлшектерінің  сериялық нөмірлерін   жазып алса дейді  полиция  қызметкерлері.

Руслан Әзімбеков- ІІБ Криминалдық полиция бөлімшесінің жедел уәкілі:«Әрине,  дөңгелек пен аккмуляторларды  табу қиын болғандықтан  жүргізушілер  олардың  арнайы нөмірлерін  жазып  қойса дейміз. Сол  арқылы  тез  табылды.Және  көліктерді  автотұрақтарға  қоюға  кеңес береміз.  Себебі, ұрлықшылар түнгі уақытта   көліктерді  тінтиді.»

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture