Бұрыңғы АК 159/21 түзету мекемесі сатылатын болды. 70 гектарлы жерді қамтыған нысанның құны 22 млн.600 мың теңгеге бағаланған. Сауда-саттық бірер күннен кейін аукцион арқылы gosreestr.kz сайтында жүргізіледі. Оған кез-келген тұрғын қатыса алады. Бірақ алдымен өтініш беру керек. Ал сату процессі үш кезеңде жүзеге аспақ. Егер біріншісінде өтпей қалса, бағасы түсіріледі. Айта кетейік, 25 объектісі бұрынғы түрме осыдан бір жыл бұрын өз жұмысын тоқтатқан болатын. Ондағы 650-ден астам сотталушылар Өскемен, Павлодар және Қостанай қаласындағы темір торларға ауыстырылды.Және 100-ге тарта азаматтардың жазалары жеңілдетіліп, шартты түрде бостандыққа жіберілді. Жұмыскерлер басқа органдарға көшірілді. Кейін ғимарат әкімшілік қармағына өтіп, саудаға қойылды.
Зәуре Шлыкова – Қаржы және экономика бөлімінің жетекшісі: АК 159/21 түзету мекемесі түгелдей сатылатын болады. Оны бағалау шаралары жүргізілді.Бағасы 22 млн.600 мың теңге болып бекітілді. Енді сауда –саттық жүргізіледі. Қазір үш үміткер бар. Олардың бірі қоқысты өңдейтін цех ашамын деп отыр.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login