Қайырымдылық жасау-игі іс. Балқаштық кәсіпкер жағдайы нашар отбасында тәрбиеленген 18 жастағы тұрғынға киім кешек алып берді. Артур Туровский үшін бүгінгі күн ерекше болмақ. Өйткені, студент өмірінде бірінші рет жаңа киімдерге ие болды. Ол 18 жасына дейін өзгенің заттарын киіп келген. Себебі, мүгедек әкесі мен зейнеткер апасының табысы аз.
Артур Туровский- Балқаш техникалық колледжінің студенті
«Мен әкем мен апамның қолында тұрамын. Олардың зейнетақсы киім алуға жетпейді. Ал бірінші рет жаңа күртеше, киімдерге ие болдым. Рахмет.Ұнады. Әдемі екен. Енді тонбай жүретін болдым»
Артурды киіндіру үшін әкесі қалалық пробация бөліміне өтініш жазған. Кейін олар жастар ресурстық орталығына шығып, кәсіпкерледі іздеуге кіріседі. Тез арада жомарт жан табылып,бозбалаға күртеше, бас киім, аяқ киім, жемпір сатып берді. Ал егер тағы осындай аз қамтылған студенттер болса жастар ресурстық орталығына жүгінсе болады.
Толғанай Төлеуқазы- Жастар ресурстық орталығының маманы
Бұдан былайда Балқаш жастар ресурстық орталығына келіп көмек сұраймын деген балқаштың жастарына 14 пен 29 жас аралығындағы көмектесуге әрдайым дайынбыз.»
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login