Балқаш жаңалықтары 26 қазан 2017

Қалалық орталық аурухананың заңгері сотталды. «WhatsApp» арқылы басшысын жамандап,елдерге смс-хат таратқан заңгер әйелдің бас бостандығына 1 жылға шектеу қойылды.Жала-жабу оқиғасы сәуір айында болды.

Заңсыз транспорт. Тіркеуде жоқ су көлігін басқарған үш балқаштыққа айыппұл салынды. Көл бетінде заңсыз жүргендері үшін әрқайсысы 34 мың теңгенден төледі. Мұндай ақпарат рейд барысында анықталды.Тексеріс кезінде көліктерден өзге, тұрғындардың қауіпсіздігі назарға алынды.

Қазан айының соңғы жексенбісінде елімізде әлеуметтік қызметкерлер күні аталып өтіледі. Бұл мамандық иелері күт-түн демей жалғыз басты қарттарға, мүмкіндігі шектеулі балаларға алғаш болып қол ұшатын созатын қайырымды жандар. Балқаш қаласы бойынша әлеуметтік қызметкерлердің саны 63. Олар 380 адамға қамқор болып жүр.

Бүлдіршіндердің игілі үшін. Биыл Балқаш қаласында 6 балалар алаңы тұрғызылды. Уәлиханов көшесі мен 17 мөлтек ауданындағы екі ескі спорттық корт қайта қалпына келтірілді.

Қылмыстың бетін ашуға көмектескен Қарағанды облысының тұрғындарына 2 млн. теңге үлестірілді. Тәртіп сақшыларына қол ұштарын созған 130 азамат осылайша марапатталды. Оның ішінде 10 балқаштық та ақшалай сыйлыққа ие болды.

Дарынды жандардың назарына. Шертпе күйдің шебері Мағауия Хамзиннің 90 жылдығына орай күйшілер арасында аймақтық сайыс ұйымдастырылмақ.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture