Балқаш жаңалықтары 24 қазан 2017

Үкім шықты! Нұргүл Құсылбекованы зорлаған екі ер адам 12 жылға бас бостандықтарынан айырылды. Балқаш қалалық мамандандырылған соты әйелді қорлап, қорқытқан сыбайлас жігіттерге осындай үкім кесті.

Облыста 33 келі гашишпен екі жігіт ұсталды. Оларды полиция қызметкерлері кешкітұғырымда көше ортасында құрықтады.

Балқаштық мысшылар түлкі ұстап алды. Аң зауыттағы цехтардың біріне кіріп кеткен. Оны көрген жұмыскерлер ұзын құйрықтыны бірден видеоға түсіріп, біздің редакциямызға жіберген.

Балқашта қаланың 80 жылдығына орай мәдениет сарайының артында тұрғызылған жаңа саябаққа атау ойластырылуда. Қала жетекшілері елдің игілігіне берілген қоғамдық орынға атау қоюды тұрғындарға жүктеп отыр. Ал жұрт болса, әлеуметтік желіде өз нұсқаларын жариялап, белсенді түрде өз пікірлерін білдіруде.

Шаһарда сотталған азаматтарға арналған оңалту орталығы ашылды. Енді жазасын өтеп шыққан тұрғындар осы мекемеге жүгініп, барлық жағынан тегін кеңес,көмек ала алады.

Балқаштың орталық көшелері канализициялық қалдықтарға толып кетті.Коммуналшылар жұмыстарын жасап, құдықтардан шығарған қоқыстарды шашып кетуді әдетке айналдырғандай.

Балқашта алдағы күндер суық болады. Бүгін жылы ауа-райының соңғы күні.

Балқаштық кикбоксшылар республикалық жарысқа жолдама алды.Облыстық іріктеу сайысына барған 4 жерлесіміздің үшеуі чемпион атанды.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture