Ақтоғай ауданы, Жәмші, Қызылтас, қазіргі Жалаңтөс батыр ауылының тумасы руы Әлтеке, Қойгел, аяулы анамыз Бибігүл Аханқызының өмірден өткеніне 40 күн толады.
Тал бойына тектілікті сіңіріп өскен анамыз бір елдің анасы мен панасына айналып, тіршілігінде туған-туыс, ағайын-жұрағаттың сенімді тірегі, ақ тілеулі тілекшісі бола білген жан еді. Жақсының жақсылығы көрінеді, өмірі жібек жолындай өріледі деуші еді дана халқым. Отының өшпеуін
Бақытының көшпеуін, шаңырағының құламауын, сәбиінің жыламауын Жаратушыдан тілеген ардақты анамызды тал бесіктен, жер бесікке шығарып салғанымызға да 40 күн толып отыр. Асылымызды ешқашан ұмытпаймыз, жақсы ісін ұлықтаймыз. Алладан мейір, Пайғамбардан шапағат тисін. Жаны жәннатта, тәні рахатта, ұстағаны шырақ, мінгені пырақ, мекені жұмақ болсын.
Әйелдің де болады ерге теңі,
Асыл бейнең тектінің келбеті еді.
Тал бесіктің тамыры Қызылтаста,
Енді сізді, жер бесік тербетеді.
Жүрегі кең жан едің тұнған жақұт,
Басымызға баянды қылған бақыт.
Сенің арқаң жан Ана шалқып-тасып,
Жүргеніміз өмірде думандатып.
Күрсінсе жас келеді жанарларға,
Тағдырдың салғанына амал бар ма.
Жұртыңның жүрегінде сақталасың,
Жұмақтан мекен берсін саған Алла.
2017 жылдың 27-ші қазаны күні сағат 11.00-ден Балқаш қаласы «БЕРЕКЕ» мейрамханасында анамыздың 40 күндік асы беріледі. Асқа ағайын-туыс, құда-жекжат, жора-жолдастарды, ауылдастарды шақырамыз.
Ас беруші: балалары, немерелері.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login