Аяулы анамыз Байженова Қалимаш! Сізді 70 жасқа толған мерейтойыңызбен құттықтаймыз!Өмірде қиналсаңыз да қиындықты жеңе біліп, ақ жаулықты әже атанып отырғаныңызға біз қуаныштымыз! АЛЛА сізге қуат беріп, 100 жасаңыз! Көрер қызығыңыз бен ұл-қызыңыздың шаттығы көп болсын! Ауырмаңыз! Сырқамаңыз! Шөбере, шөпшек көріңіз! Жаратқанның берген барлық жақсылығы сізді айналып өтпесін! Барлық арман-тілектеріңіз орындалып, Жаратқанның сүйген құлы болыңыз! Мейірімді жүзіңізден күлкінің ізі кетпесін!
Бүгін мейрам! Не тілейік, Анашым?
Көз жетпейтін биік тұрсың, дарасың.
Сөз жетпейтін әдемісің, әсемсің,
Адамзаттың бастауысың, данасың!
Бүгін мейрам! Не тілейік, Анашым?
Мына өмірден тапшы дейін жарасым.
Отбасының ұйытқысы, көркісің,
Бізді бастап болашаққа барасың.
Ештеңені аямаған баладан,
Әлемдегі ең сүйкімді дара жан.
Шын көңілден құттықтаймыз біз сізді
Мейрамыңыз құтты болсын, Анажан!
Құтты болсын туған күн мерекеңіз,
Жылдан-жылға арта берсін берекеңіз.
Жүзге келген тойыңызда кездесейік,
Бала-шаға, ағайын, туған-туыс.
Денсаулығың мықты боп,
Ұзақ өмір сүре бер.
Әрқашанда аман боп,
Ортамызда жүре бер.
Күтсін әлі қуаныштар әр талай,
Жақсылықтан жарқылдасын жан сарай.
Шөбере мен шөпшек көріп өмірде,
Әр күніңді той-думанға арнағай!
Т/б: балалары, немерелері.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login