Балқаштық әйелді зорлағандар 12 жылға сотталды

Үкім шықты! Нұргүл Құсылбекованы зорлаған екі ер адам  12 жылға бас бостандықтарынан айырылды. Балқаш қалалық  соты әйелді қорлап, қорқытқан сыбайлас жігіттерге  осындай үкім кесті. Еске  сала кетсек,  2016 жылы   балқаштық Нұргүл  Құсылбекованы екі балқаштық  зират маңына  апарып  зорлаған. Артынан  ұрып-соғып, ойларына  келгенін істеп, тіпті өзіне көр қазғызған. Алайда,бұл   қылмыстық іс   араға тек бір жыл  салып  тергеле,  бастады.  Сот  отырысы  жабық тәртіпте өтті. Бұға дейін  прокуратура қызметкерлері күдіктілердің әрқайсына 13 жыл сұраған еді. Алайда, судья 12 жыл тағайындады. Сондай-ақ Нұргүл Құсылбековаға моральдік шығын ретінде 1 млн теңгеден төлеуге міндеттеді. Алайда, зардап шегушінің қорғаушысы соңғы шешіммен келіспейтінін жеткізді. Себебі олар 60 млн теңге талап еткен екен. Енді апеллияцияға бермекші.

Мадияр Игенов-қалалық прокуратураның прокуроры

« Қылмыстық кодекстің 3 бабы бойыншы кінәлі деп танылып, әрқайсына 12 жылдан бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сот барысында олар өз кінәсін мойындаған жоқ. Сот тергеу барысында, тағайындалған сарапталамалармен куәгерлердің жауатарымен аталған екі азаматтың кінәсі дәлелденді.

 

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture