Балқашта алдағы күндер суық болады. Бүгін жылы ауа-райының соңғы күні. Осы түнде термометр бағанасы + 2 градусқа дейін төмендемек. Ал ертеңнен бастап, ауа-райы күрт өзгереді. Күндіз температура +4-6 градус болса, 26 күні сынап бағанасы одан әрі төмендеп, 3-5 градусқа жетеді. Деседе, 7 қазан күні 6-8 градусқа көтеріледі. Әзірше жауын шашын мен қатты жел күтілмейді.
Валентина Бродовская – инженер-синоптик
«Осы түнде ауа температурасы төмендеп суый бастайды. Жауын-шашын болмайды деп күтілуде. Ал жел болса, біртіндеп басылады. Күн тынық болады».
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login