Есірткімен есірген қарағандылықтар. Облыста 33 келі гашишпен екі жігіт ұсталды. Оларды полиция қызметкерлері кешкісін көше ортасында құрықтады. Екі азамат қоғамдық орында спорттық сөмкемен қыдырып жүрген. Жан-жақтарына қарап күдік тудырған. Ал оны байқап қалған тәртіп сақшылары тоқтатып, тексерген. Нәтижесінде, екі сөмкенің ішінен гашиш есірткісі табылды. Барлығы 33 келіні құрады. Және күдікті деп табылған 30,34 жастағы азаматтар уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Бақытжан Құдияров —Қарағанды облыстық ІІД баспасөз жетекшісі
«Аталған факті бойынша ҚР қылмыстық кодексінің 296 бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде».
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login