Руы – Көшкін, Рымқұлов Жанғабыл Алтынбекұлы қадірлі де қимас құдамыздың өмірден өткеніне 40 күн болды. Құдамызды сағына еске аламыз.
Аңсауменен 40 күннің өткені,
Ардақты құдамыздың бұл өмірден кеткелі.
Өзекті өртейтұғын бір өксік бар,
«Әттең, Құда» аз-ақ ғұмыр кешкенің.
Қалағанын құдай жерге қойған ба?
Кімді алса да қара жер қойны тойған ба?
Көнеміз-ау салғанына тағдырдың,
Сағынамыз, қайтып келмес не пайда!
Өзің барда ошағың болды жарқын,
Бүгінде шаңырақ тұр болып салқын.
Құдағи, бала-шаға аман жүрсін,
«Орнында бар оңалар» дейді халқым.
Жүруші едің отрамызды мәнді қып,
Жадымызда ісің қалды жаңғырып.
Жүрегінде ағайын мен туыстың,
Асыл бейнең сақталады мәңгілік!!!
Сен көрмеген ғұмырды, құдағи мен бауырларың жасасын,
Өзің салған жолыңды, балаларың жалғасын!
Топырағың торқа боп, жатқан жерің жайлансын,
Жаның болып жәннатта, Алла сені қолдасын!
Бұл фәнимен қоштастың-ау ертерек,
Жанымызда жоқсың енді не керек.
Төңірегіңді немерелер қаумалап,
Жүруші еді алаңсыз тек еркелеп.
Амал не, енді бізді тосар алдан,
Алланың шапағаты босағаңнан.
Бақыл бол, қайран асыл құдамыз,
Қол жайып сұрарымыз жасағаннан!
Пейіште жатқан орның,
Жарық болсын, әрдайым!
Дұғамызды бір өзіңе,
Бағыштаймыз қол жайып.
Еске алушылар: құдалары Бейсикеновтер әулеті.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login