Балқаштықтар смартфон арқылы дәрігер қабылдауына жазыла алады

Балқаштықтар үйден шықпай-ақ дәрігердің қабылдауына жазыла алады. Ол үшін бар болғаны ұялы телефонға «DamuMed»  деп аталатын мобильдік қосымшаны орнату қажет. Онда тіркелгеннен кейін, бағдарлама сіздің емханаңыз бен учаскелік дәрігеріңізді автоматты түрде анықтап береді.  Содан кейін өзіңізге ыңғайлы күн мен уақытты таңадап, қабылдауға жазыласыз. Сондай-ақ «DamuMed» мобильдік қосымшасының көмегімен терапевті үйге шақыртуға болады. Қосымшаның тағы бір артықшылығы мұнда SOS нүктесі бар. Оны диспансерлік есепке алынған науқастар, жүкті әйелдер, 5 жасқа дейінгі балалары бар ата-аналар қолданады. Екі ай ішінде бұл бағдарламаға Қарағанды облысы бойынша 3 мыңнан аса адам тіркеліп, 100 мың рет дәрігер қабылдауына жазылған.

 

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture