Балқаштық боксшылар Республикалық жарыста жеңіске жетті

Жерлестеріміз жеңіске жетті.Күні кеше Көкшетауда  өткен   республикалық  жарыста   балқаштықтар  бір алтын,  бір қолаға қол жеткізіп  қайтты. 270  спортшының  басын біріктірген  сайыс  4 күн  бойы  өтті. Оған Балқаштан  4 боксшы  барды. Оның  ішінде  екеуі  жүлдеге ие болды. 54 келі  салмақта  Ерасыл Ермек   бірінші орын алды. Жерлесіміз финалдық кездесуде астаналықпен  шығып,  қарсыласын айқын басымдылықпен  жеңді. Нәтижесінде, 13- ші алтын  жүлдесіне  ие болды.

Ерасыл Ермек-  бокстан Қазақстан чемпионы:«Мен  финалда Астана қаласының баласымен шықтым.Оның  бойы  ұзындау болды.Соққыларымды іштен бастап, баспен аяқтадым.Екінші раундта ол әлсіреді.Содан кейін  бапкері  ойынды  тоқтатты».

 

 

Ал  34 келіде жұдырықтасқан Рамазан Нұрлыбаев  қоланы қанағат  тұтты. 2  жылдық  тәжірибесі бар кішкентай  боксшы   Түркістандық   баладан ұтылып қалды. Жартылай  финалдық  кездесуді  2:1 есебімен  аяқтады.


Рамазан Нұрлыбаев- бокстан Қазақстан  турнирінің жүлдегері:« Бірінші раундта есеп  тең болды. Екінші раундта  есеп  ашылды.Түркістан  баласының соққысы басыма,ішіме  қатты тиді.Сосын  жеңіліп қалдым».

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture