Руы Найман, Жексенаев Сабыржан Жексенайұлының өмірден өткеніне 40 күн.
Қырық күндік асы 21 қазан күні сағат 12.00-ден бастап «БЕРЕКЕ» мейрамханасында беріледі. Жақын туған-туыстарға, құда-жекжаттарға, жолдастарға, таныстарға, көрші-қолаңға хабарлаймыз.
Елпілдеген, елгезек ең өмірде,
Бұл қасиет, қосағым, қалды әрбір көңілде.
Өмір – өзен өткенін біле алмадық, байқамай,
Айырылып сенен қалам деп
ойладым ба жалған-ай.
Дәм-тұзың таусылып кете бардың бақиға,
Жазуына Алланың қолдан келер не шара?
Мәңгі мекен мамық боп, жайлы ұйықта қосағым,
Артыңдағы ұрпағың аман болсын тек қана.
Қараңғы үйің жарық боп,
жаның болсын жәннатта,
Аллам сыйлап иманды, болсын тәнің рахатта!
Жарқылдаған жасыным, халқың сені сыйлаған,
Озды өмірден дегенде, жүректері қимаған.
Асқар тауым, әлпештеген әкешім,
Еңбек еттің бала-шаға қамымен.
Қас пен көздің арасында жоқ болып,
Өртеп өттің жүрегімді жалынмен.
Түсіне алмай не бұл өң бе, түс пе деп,
Қала бердік жылап-сықтап артыңда.
Жан әкешім, сенің орның бөлек қой,
Тұрар бейнең жүректе сол қалпында.
Әкем менің асқар тауым, биігім,
Шеше білген не бір істің түйінін.
Сіз жоқ деуге жүрек әлі сене алмайды,
Тіреу болған бәйтерегі үйінің.
Қош әкешім, мамық болсын төсегің,
Өзің салған жолдарыңмен өсемін.
Атам қайда деп сұраумен жата ғап,
Наргиза мен Жәнелің жүр аталап.
Сағынышпен әр күніміз әлі өтер,
Дүние жалған, алдауратып бір кетер.
Пендеміз ғой тіршілікте түсінбес,
Сыйластықтан басқаның, бәрі екен құр бекер.
Ас берушілер: жұбайы Гүлсім, балалары – Дархан-Айгерім, Зарина, Ерлан.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login