Руы Тобықты – Манас – Жуантаяқ, Серікбай Ағдарбек Серікбайұлының өмірден өткеніне 40 күн болады.
Қырық күндік асы 22 қазан күні сағат 11.00-ден бастап «КОСМОС» мейрамханасында беріледі. Жақын туған-туыстарға, құда-жекжаттарға, балаларының жұмыс орындарына, көршілерге және барша танитын жамағатқа хабарлаймыз.
Қара жерде жатқаныңа қырық күн,
Көкке қанат қаққаныңа қырық күн.
Қырық күнде жүрек міне қаяулы,
Қош, қош бол, Әке, аяулы!
Бөліп жармай өсірдіңіз бәрін бірге,
Ел ішінде сыйлы едіңіз, қадірлі де.
Арадан тағдыр алып кеткенімен,
Мәңгілік сіз қаласыз есімізде.
Көнеміз бұл тағдырдың салғанына,
Анамыз аман жүрсін ортамызда.
Жұлдыздай ағып өткен бұл өмірдің,
Бейнеңіз қалды, Әке, санамызда.
Жарқын бейнеңіз елес болып қалды ғой,
Өмірдің бір өткелінде, аңырап біз қалдық қой.
Жүрегімізде мәңгілікке сіздің нұр бейнеңіз,
Сағынышпен еске алады, ұл-қыздарың, немерелерің.
Жатқан жерің жәннаттың төрі болсын,
Жан Әке, топырағың торқа болсын.
Иманыңыз мәңгілікке жолдас болсын,
Аруағыңыз ұрпағыңды қолдап жүрсін.
Арамыздан кете бардың алыстап,
Уайым қайғы жүректерді жаныштап.
Пейіштің төрі болсын орыныңыз,
Рухыңа дұға оқимыз бағыштап.
Ас берушілер: жұбайы – Дәмелі, балалары – Ыбырай, Абай, Абылай, немерелері.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login