Шашубай м\а құлағалы тұрған шағын насостық станция жұрттың үрейін алуда. Жасыл-желекті суаруға арналған нысанның қабырғасы жарылып, кірпіштері ажырай бастағанын көрген тұрғындар, оның бір күні құлайтынын айтып дабыл қағып отыр.
Қала тұрғыны Сағат Кенжебаев бұл маңнан күнде өтеді. Айтуынша бұл нысанның қирай бастағанына 2 жыл болған. Көрініп тұрғандай, қаланған кірпіштер ортасынан қаққа бөлініп, 4 қабырғасы ыдырай бастапты. Шатыры да жұлынып, төбесі үңірейіп тұр. Бұл көрініс тұрғындардың үрейін алуда. Қабырға кез-келген уақытта құлауы мүмкін, дейді.
Сағат Кенжебаев-қала тұрғыны
«Құлайды, мына жағы жарылып тұр, енді мына жағына құлайды. Жоғарғы жағы өте үлкен.
Әлеуметтік желілерде де осы тақырып қызу талқылануда. Алаңдаушылық білдірген балқаштықтар, шағын насостық станцияның суретін жариялап, біздің редакцияның ватсап нөміріне де хабарласты. Еске сала кетейік, бізбен 87083979706 нөмері арқылы бізбен байланысқа шыға аласыздар.
Марғұлат Татибеков — қала тұрғыны
«Күнде мен ұлымды таңертеңгі уақытта №4 мектепке апарамын. Сол кезде байқағаным, осы жерден балалар өтеді. Ол кез-келген уақытта құлауы мүмкін».
Жасыл-желекті суаруға арналған шағын насостық станция 2012 жылы орнатылған. Қадыржанов көшесінің бойында олардың саны 4. 5 жылдан бері бірде-бірі жөндеу жұмысын көрмеген. Деседе, жауапты мамандар құлағалы тұрған бұл нысанды бұзып, қайта қалауға уәде берді.
Әнуар Сәмиев-ТКШ бөлімінің жетекшісі
«Құлағалы тұрған нысанды бұзып, қайтадан қалпына келтіреміз. Ішіндегі құрал-жабдықтарды ұрламас үшін, барлығын қоймаға апарып қойдық. Бұзу, қайта қалау жұмыстарын келесі аптада бастаймыз».
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login