Балқаш жаңалықтары 18 қазан 2017

Балқаш тұрғынын жаяу жүргіншілерге арналған жолақта көлік қағып кетті. Оқыс оқиға кеше қалалық аурухана маңында кешкі сағат 6 да болған.

Тағы бір жол апаты осы түнде болды. Рөлге ие бола алмаған жүргізушісі Мир мен Сейфуллин көшесіндегі жол белгісін қағып өткен.

Инфекциялық ауру биыл да балқашта жиілеп кетті. Ересектер мен қатар балаларда сырқат. Алайда,мұны дәрігерлер климаттың ауысуымен байланыстырып отыр. Дей тұрғанмен оған бейжай қарамай, дертті дер кезінде алдын алған дұрыс. Мамандар кеңесіне құлақ түрейік.

Балқашта 200 ден аса бос жұмыс орны бар. Қазіргі таңдабілім ордаларына, балабақшаларға және қаланың кәсіпорындарына түрлі мамандар қажет.

Шашубай м\а құлағалы тұрған құрылыс нысаны елдің үрейін алуда. Қабырғасы жарылып, кірпіштері ажырай бастаған үйшікті көрген тұрғындар, оның бір күні құлайтынын айтып дабыл қағуда.

Қазақстанның жаңа 100 есімін халық дауыс беру арқылы анықтайды. Онлайн түрде таңдау жасау басталды. Дауыс беру 100esim.el.kz. сайтында жүрігізілуде.

Жыл басынан бері әлеуметтік желіде аңдамай сөйлеген 20 қазақстандық сот алдында жауап берді.Оның 16-ы бас бостандығынан айырылды.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture