Құттықтау Амантай  немересі Ермахан Мейірханұлы

Біз  бүгін  кішкентай ғана  балапанымыз Амантай  немересі Ермахан Мейірханұлын 3 жасқа  толған туған күн мерекесімен құттықтаймыз! Әрбір күні  тыныш болып, былдырлаған тілі, шат-күлкісі, ерке қылығы  туған-туыстарына қуаныш әкелсін!

Туған күнің құтты болсын  құлыным!

Жігіт болдың желбіреген тұлымың.

Ата – әжең, туғандарың бүгін құттықтайды өзіңді,

Денің сау боп, ұзақ болсын ғұмырың!

 

Айналайын, немерем,

Тәтті едің не деген!

Үміті болып ата-анаңның,

Айға, Күнге теңеген.

 

Қиындыққа моймайтын қамал бол,

Жақсылыққа, кісіліке таман бол.

Ел қызығар, қылықты бол, сүйкімді,

Тіл көзбенен жалалардан аман бол.

Т/б:  ата – әжесі: Амантай – Мәкен, ата – анасы: Мейірхан – Жадыра, аға – жеңгелері, апа – жезделері.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture