Еске алу Батанаев Даурен Абутахирұлы (достары)

Руы Қожа, қимас сыныптасымыз Батанаев Даурен Абутахирұлының өмірден өткеніне 10 жыл.

Ойнақтап бірге өсіп-ек,

Армандап зор болашақ…

Кеттің сен ерте ортадан,

Қымбатты біздің сыныптас…

 

Еске алумен бүгін сені аңсадық,

Өткен күнді жабырқаумен сағындық.

Сағынамыз, не шара бар бұл тағдырға,

Кеттің енді келмейсің сен біздің ортаға.

 

Осылайша оздың досымыз өмірден,

Бірақ бейнең кетпес мәңгі көңілден.

Жолдастарың, ұрпақтарың тұрғанда,

Өшпес ізің мәңгі қалар өмірде.

 

Сағынумен 10 жыл болды өткелі,

Жан досымыз есімден еш кетпеді.

Өзегімізді өртейді бір өкініш,

Жан досымыздың аз-ақ ғұмыр кешкені.

 

Ер жетіп, аман өссін ұлың Әлішер,

Артыңда жоқтатпайтын жалғыз тұяқ.

Рухыңа серік болсын иман жүзің,

Тұрағың болсын дейміз мәңгі жұмақ!

Еске алушылар: Абай мектебінің  11 «Г» түлектері.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture