Балқаштық жүргізуші жол бойындағы белгіні қағып кетті

Тағы бір жол апаты осы түнде болды. Рөлге ие бола алмаған жүргізушісі Мир мен Сейфуллин көшесінің бойындағы жол белгісін қағып өткен. Бұл суреттерді бізге куәгерлер жіберді. Олардың сөзінше, жол-көлік оқиғасы сағат түнгі 12 лер шамасында болған. Полицейлер де бұл ақпаратты растап отыр. Алдын-ала болжам бойынша, лада көлігінің иесі рөлге ие бола алмай, жөл белгісіне барып соғылған. Оның үстіне ол мас күйінде көлік тізгінідеген. Қазір істің ақ-қарасы анықталу үстінде.

Куәгер: «Оның бетінде қан белгілері болды. Мүмкін бетін соғып алған шығар. Ішіп алған адам секілді, әзер сөйлеп тұрды».

 

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture