Балқаш қаласының Политехникалық колледж студенттері Астанада өткен Республикалық дебат турнирінде жүлделі ІІІ орынға ие болды. Пікірталас ойынына еліміздің 14 аймағынан 64 команда қатысқан. Жастар Алаш қозғалысының 100 жылдығы төңірегіде сөз таластырды. Нәтижесінде, І және ІІ орын елордалықтардың өздеріне бұйырды. Ал, құрамында Абылай Исатаев, Рахман Кәсенхан, Гүлім Абишева, Махаббат Сатыбалды сынды студенттер бар балқаштық «Жұлдыз» дебат клубы қола жүлдені қанжығалап қайтты.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login