Балқаш тұрғынын жаяу жүргіншілерге арналған жолақта көлік қағып кетті. Оқыс оқиға кеше қалалық аурухана маңында кешкі сағат 6 да болған. Алдын-ала болжам бойынша, 30 жастағы зардап шегуші автобус аялдамасының жанындағы жолақпен емхана жаққа бағыт алған. Алайда, сол сәтте « крайслер» көлігі оны айнасымен қағып өтеді. Зардап шегуші жерге құлап қалғанымен, ешқандай медициналық көмекке мұқтаж болмаған. Деседе, жарақаттары бар. Енді сараптама жасалып, оның денсаулығына қаншалықты зиян келгені анықталады.
Алмас Қалиашев – жергілікті полиция қызметінің аға инспекторы
«Крайслер жүргізушісі жаяу жүргіншіні өткізбей, оны қағып өткен. Қазіргі таңда барлық құжаттаржы жинап, сараптама тағайындадық. Содан кейін барып жүргізушіге қандай жаза қолданылатындығы анықталады».
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login