Біз бүгін кішкентай ғана балапанымыз Наргиза Рахатқызын 1 жасқа толған туған күнімен құттықтаймыз! Денсаулығы мықты болып, жаратқан ием тек жақсылықтарын берсін! Тәй-тәй басқан қадамы ақ болып, өмірдің асау белестерін бағындырсын! Әрбір күні тыныш болып, былдырлаған тәтті тілі, шат күлкісі, ерке қылығы туған-туыстарына қуаныш әкелсін!
1 жасың құтты болсын,
Сен үшін күнде той, күнде жиын.
Наргиза 1 жасқа толды дегеннен соң,
Қуанып бәріміз де келдік бүгін.
Қылығымен күлдіретін апасын,
Туған күнің құтты болсын, балашым.
Елің сыйлар азаматша бол келешекте,
Қуантарлық мамасы мен папасын.
Құтты болсын туған күнің,
Қуанышқа, зор бақытқа бөлеген.
Аман болып, ата-анаңды қуантсаң,
Басқа нәрсе сұрамаймын тәңірден.
Бір әулеттің гүлісің,
Өмірінің – мәнісің.
Саған қарап мәз болар,
Шаңырағының сәнісің!
Ата-анаңның қасында,
Аман-есен жүре бер.
Ұзақ болсын ғұмырың,
Бақытты өмір сүре бер!
Ізгі ниетпен: Аманбековтар отбасы, 17.10.2017ж.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login